Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астанада 2015 жылдың маусымында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астанада 2015 жылдың маусымында өтеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астанада 2015 жылдың маусымында өтеді

«Съезд келесі жылдың маусым айында өткізіледі. Оның тақырыбы «Бейбітшілік пен өркендеу үшін діни басшылардың және саяси қайраткерлердің сұхбаты» деп белгіленді. Тақырып таңдауда қазіргі әлемде болып жатқан жаһандық күрделі үрдістер ескерілді. Енді осы тақырыпты нақтылай келсек, қазіргі уақытта халықаралық қатынастардағы сенімнің кем болып тұрған шағында жаңа қауіптердің пайда болуы, әлемнің кейбір аумақтарындағы радикалды қозғалыстардың белең алуы ғаламшардағы әлемдік қауымдастықтың бірігуін талап етеді», - деді М.Әзілханов. Вице-министрдің айтуынша, келесі Съезде бейбітшілік пен келісім қағидаларын сақтау идеялары, сондай-ақ барлық әлемдік қауымдастықтың үйлесімді дамуы қаралады. «V Съезд ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейтуге, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеруге бағытталады», - деді ол. Оның мәліметінше, Съезге Ислам әлемінің ірі ғалымдары, Ватиканның мәртебелі меймандары және патриарх Кирилл, сондай-ақ басқа да әлемдік деңгейдегі дін өкілдері келеді.