Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі Съезі 2028 жылы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXIII отырысында алдағы VIII Съез декларациясы қорытынды құжатының жобасы мақұлданды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сонымен қатар, бүгінгі жиын барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXIV отырысының датасы қаралды.

- Бұл мәселе осыған дейін жұмыс тобында талқылаған болатын. Осы орайда жұмыс тобының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының келесі отырысын 2026 жылғы 7 қазанда Астана қаласында өткізу туралы ұсынысын қолдауды жөн деп санаймын. Келесі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының тоғызыншы Съезін 2028 жылы Астанада өткізу ұсынылады. Съездің нақты күндері кейінірек анықталады, - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы – Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Атап айтқанда, Хатшылық отырысы мен тоғызыншы Съезді ұйымдастыру даталарына қатысты ұсыныс биыл 17 қазанда өтетін VIII Съездің қорытынды декларациясында қамтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев халықаралық қауіпсіздік бойынша барлық әрекет БҰҰ жарғысына сәйкес болуы тиіс екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар