Әлеуметтiк қамсыздандыру саласында Қазақстан мен МАСО арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседi - Г.Әбдiқалықова (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтiк қамсыздандыру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша Қазақстан мен МАСО (халықаралық әлеуметтiк қамсыздандыру қауымдастығы) арасындағы ынтымақтастық дами түседi. Бұл туралы бүгiн өтiп жатқан әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференция барысында елiмiздiң Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова мәлiм еттi.
None
None

"Қазақстанда әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру саласында инновациялық шешiмдер кең қолданылып келе жатқаны анық, өз кезегiнде халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету саласында осы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар стратегиялық рөлге ие екенi белгiлi. Ең бастысы, барлық инновациялық технологиялар алдымен халықтың қажеттiлiгiне қарай ыңғайланып жасалады. Халыққа әлеуметтiк қызмет көрсету саласын дамыту Қазақстан-2050 Стратегиясы аясында елiмiздiң дамыған 30 елдiң қатарына кiру жөнiндегi мiндетiмен астарлас. Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай, әлеуметтiк және экономикалық саясат дұрыс үйлестiрiлгенде ғана әлеуметтiк саладағы мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн көре аламыз", - дедi Мемлекеттiк хатшы.

Бұл ретте, Гүлшара Әбдiқалықова әлеуметтiк қамсыздандыру саласында Қазақстан МАСО ұйымымен ынтымақтастықты тереңдете түсетiнiн атап өттi.

"Сөз соңында айтарым, халыққа сапалы қызмет көрсету үшiн ақпараттық технологияларды пайдалануды қоғам дамуының бiр көрiнiсi деп түсiну керек. Қазақстан мен МАСО арасындағы ынтымақтастық тереңдеп, әлеуметтiк қамсыздандыру саласын қарқынды дамыту үшiн қажеттi әдiс-тәсiлдердi әзiрлеуге серпiн бередi", - дедi Мемлекеттiк хатшы.

Соңғы жаңалықтар