Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей жүгіне алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектің сапасы бойынша әлеуметтік желіде өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін қалдыруды ұсынды - Фейсбукте министрліктің профильдік комитеттеріне аккаунттар ашылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомство басшысының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей жүгіне алады

«Бүкіл қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық денсаулық, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын бақылау мәселелері бойынша жазыңыздар. Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті (...). Бізге, тікелей Фармация комитетіне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша жазыңыздар», - деп жазды министр Фейсбукте.