Әлеуметтік зерттеу: Беларусь халқының 85,5 пайызы президент сайлауына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Беларусь халқының 85,5 пайызы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады БЕЛТА.

Әлеуметтік зерттеу: Беларусь халқының 85,5 пайызы президент сайлауына қатысады
Фото: БЕЛТА

Бұл зерттеу деректерімен BELTA тілшісіне экономикалық әлеуметтану және кәсіпкерлік қызмет психологиясы кафедрасының меңгерушісі, БГЭУ әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Ирина Лашук бөлісті. 

Респонденттерге «Алдағы сайлауға қатысасыз ба?» деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Олардың 85,5 пайызы «иә», 4,8 пайызы «жоқ» деп жауап берген. 9,7 пайызы әлі шешім қабылдамаған. 

- Халық сайлауға қатысып, өзінің саналы саяси, стратегиялық таңдауын жасамақ. Зерттеу қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын және қоғамның біртұтастығын көрсетті, - деп атап өтті Ирина Лашук.

2024 жылдың желтоқсанында Беларусь пен Сербия арасында әлеуметтік қарсы сауалнама жүргізілді. Сербияда зерттеуді House off Win тәуелсіз зерттеу орталығының қатысуымен Халықаралық саясат және экономика институты ұйымдастырды. Беларусьте сауалнаманы Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығы жүргізді.

Сауалнама үй-үйді аралау арқылы жүргізілді. Басты мақсат – белорусьтер мен сербтердің өзара қабылдау ерекшеліктерін анықтау, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау. 

Соңғы жаңалықтар