Алғашқы айналымда Хрусталева алтыншы нәтиже көрсетті - Олимпиада

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасында биатлоншы қыздар арасында 4х6 шақырымдық командалық жарыс өтті,
None
None

деп хабарлайды sports.kz.

Бұл жарысқа Қазақстанның атынан Елена Хрусталева, Анна Лебедева, Любовь Филимонова және Марина Лебедева қатысты. Алғашқы айналымда Хрусталева алтыншы нәтиже көрсетсе, екінші және үшінші айналымды қазақстандықтар оныншы болды, ал төртінші айналымды олар жалпы 1:13:15.8 уақытпен он төртінші болып аяқтады. Сонымен бұл жарыста, Ресей - 1:09:36.3 нәтижемен - алтынға қол жеткізсе, 1:10:09.1 көрсеткішпен Франция командасы -екінші орынға табан тіреді. Ал үшінші орынды Германия биатлоншылары қанағат тұтты. Олардың уақыты - 1:10:13.4.

Соңғы жаңалықтар