«Алиакбар ата-Агро» шаруа қожалығы жалпы құны 220 млн. теңге тұратын мал бордақылау кешенін ашты - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылында «Алиакбар ата-Агро» шаруа қожалығы құны 220 млн. теңге болтын мал бордақылау кешенін ашты.
Кешен толық іске қосылғанда жылына 400 ірі қара, 900 бас жылқы, 2400 қой бордақыланып, 295 тонна ет өндіріледі. Үстіміздегі жылы жем-шөпті сатып алған шаруашылық келер жылдан бастап мал азығын өздері дайындауға кіріседі.