Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында мәлім болған.

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Сүйінші хабарды алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп хабарлады, деп жазады «Түркістан» газеті.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесі - 27.09.1937 жыл, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.