03:45, 21 Қазан 2025 | GMT +5
Әлиям Әзізова пенчак силаттан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Әлиям Әзізова пенчак силаттан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында К.Карпиомен (Филиппин) кездесті.
Кездесудің қорытындысы бойынша филиппиндік спортшы 27:46 есебімен басым түсті.
Осылайша, Әлиям Әзізова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Бұған дейін Әлиям Әзізова Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ұлттық құрама Азия ойындарында жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті.