Алқа билер қараған істердің 8,5 пайызында ақтау үкімі шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алқа билер қараған істердің 8,5 пайызында ақтау үкімі шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының 10-шы департаменті бастығының орынбасары Арман Аяғанова мәлім етті.
None
None

«Сот төрелігі жүзеге асырыла бастаған 10 жылдың ішінде алқа билер үкім шығарылған 1285 қылмыстық істі қарап, 77 тұлғаға қатысты ақтау үкімін шығарды. Жалпы, алқа билер  сотында шығарылатын үкімдердің 8,5 пайызы  ақтау үкімдері болып отыр. Бұл өте дұрыс. Себебі, қылмыстық қудалау органдарының ұстанымдарын әр уақытта да қолдай беруге болмайды», - деді ол Қылмыстық сот төрелігі мәселелері бойынша құқықтық саясатты зерттеу орталығының жыл сайынғы кеңесінде.

Оның атап өтуінше, қылмыстық қудалау органдары кей кездері сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында бұзушылықтарға жол беріп жатады.

Айта кетерлігі, бұл кеңес құқықтық саясатты дамыту үшін инновациялық қадамдарды жетілдіруге және қоғамды жалпы демократияландыру аясында құқықтық реформаларды жүзеге асыруға, құқықтық сот төрелігі мәселелері бойынша нақты шешемдерді қабылдау үшін мемлекеттік сектордың азаматтық қоғаммен өзара қатынасының тиімді құралдарын жобалауда әрі құқықтық саясатты құру үрдісінде тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының рөлін арттыруға бағытталған.     

Соңғы жаңалықтар