10:28, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Алла Пугачева мен Максим Галкин егіз балалы болды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ресей сахнасының 64 жастағы саңлағы Алла Пугачева мен оның 37 жастағы жолдасы Максим Галкин балалы болды. Жұлдызды жұпқа суррогат ана егіз, ұл мен қыз туып берді, деп хабарлайды РБК.

Максим Галкин мен Алла Пугачеваның отау құрғанына 12 жыл болды. Пугачеваның бірінші күйеуден бір қызы - Кристина Орбакайте бар, ал Галкиннің ресми жарияланған баласы жоқ.
Сәбилердің туған күндері әзірге көпшілікке жарияланбады. Бақытты ата-ана егіз балаға Лиза мен Гарри деген есім берді.
Егіз баланы 9 ай көтеріп, туып берген суррогат ананың аты-жөні әзірге құпия.
Алайда осыдан бір жыл бұрын А.Пугачеваның өнеріне тәнті болған 23 жасар әйел оның баласына суррогат ана болуға ниетті екенін білдірген. Бұл қызметін жас әйел 1 млн. рубльге бағалады.