Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адам бұл әрекетке не үшін барғаны белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның әрекетіне не себеп болғаны айтылды.

зажигалка
Фото: pexels.com

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұған ер адамның азаматтық жұбайымен арадағы жеке жанжалы себеп болған.

— Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше, 25 тамызда Алматы халықаралық әуежайында бір ер адамның касса жанында өзін өртемек болғанын хабарлаған едік. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек бұл оқиғаның Алматы халықаралық әуежайы жұмысына әсер етпегені белгілі болды.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Соңғы жаңалықтар