13:06, 07 Наурыз 2025 | GMT +5
Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға бүгін 11:45–те болған. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.
— 7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам полицияның желілік бөлімінде және бұл оқиғамен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр, — деп хабарлады әуежайдан.
Бұған дейін Алматы әуежайында түкірген шетелдікке айыппұл салынып, рейстен түсірілгенін жазғанбыз.