22:42, 04 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Алматы әуежайының кей кіру-шығу жолдары 7 күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады.
Әуе айлағының мәліметінше, 2025 жылдың 4–11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Осыған байланысты уақытша № 1 кіру және № 2 шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді.
— Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, — деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, Алматы әуежайының аумағынан 1 желтоқсаннан бастап екі автобус бағыты жүре бастады.