Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 3 адам мерт болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты.

Алматыда жол апаты
Фото: Kazinform

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 10 желтоқсан күні сағат 01:00-де Алматы-Бішкек автожолының 136 шақырымында болды.

«Кia оptima» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Volvo FH» жүк көлігіне соғылған.

— Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы сол жерде мерт болды. Түрлі дене жарақаттарымен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады,— деп хабарлады ведомстводан.

Осыған дейін Алматы облысында жол ережесін бұзған 167 мыңнан астам адам анықталған болатын.

Еске салайық, Алматы облысының негізгі күре жолдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар