Алматы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы құрылыс басқармасының басшысы болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды.

Алматы қаласының құрылыс басқармасына жаңа басшы келді
Фото: Алматы қаласының әікмідігі

Нұрбол Нұрсағатов 1981 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институты тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2005-2008 жылдары — Астана әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директордың орынбасары,

2008-2011 жылдары — Астана әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары,

2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары,

2014-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы әкімдігінің құрылыс басқармасының және Нұр-Сұлтан әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

20202021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы Байқоңыр ауданының әкімі болды.

2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарды.

2022 жылғы шілде-қазан аралығында Абай облысы әкімінің орынбасары, 2022-2024 жылдары Семей қаласының әкімі болып еңбек етті.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында жаңадан құрылған екі басқармаға басшылар тағайындалғанын хабарлаған едік.