Алматы мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Данияр Әлиев мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша және «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол осы күнге дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.
Еске салайық, 2025 жылғы 1 қазанда Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған еді.