Алматы мәслихатының депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Алматы мәслихатының депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Фото: Видеодан алынған скрин

Бұл туралы шешім қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясы барысында қабылданды.

— Нұрсұлтан Шоқанов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына және Алматы қаласв мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқановтың жеке өтініше сәйкес мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарылды, — деді мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Еске салайық, бұған дейін Amanat партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Рамазан Бекбол өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Одан бұрын Қазақстан халық партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Владимир Власов пен Назерке Мундаханова өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар