Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Францияда өтетін заманауи театр өнерінің ең ауқымды шараларының бірі - «Off Avignon» халықаралық фестиваліне қатысуға жолдама алды.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады
Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

Тарихы 1947 жылдан бастау алатын әлемдегі ең беделді әрі көрнекті мәдени шара Франция мемлекеті Авиньон қаласында жыл сайын өтеді. Қазақстан атынан баратын Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры фестивальі аясында Уильям Шекспирдің классикалық туындысы «Ромео мен Джульетта» спектаклін «LaScierie» театры сахнасында ұсынады. Спектакль режиссері - Дина Жұмабай.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады
Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

- «Off Avignon» фестиваліне қатысу Алматы қуыршақ театрының тарихындағы айтулы белес, ұлттық қуыршақ өнерін әлемдік деңгейде таныстыруға таптырмас мүмкіндік. Біз классикалық шығарма Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын қуыршақ тілімен жаңаша түрлендіріп ұсындық. Спектакльде актерлік шеберлік пен көркем қуыршақ пластикасы үйлесім тауып, көрерменге жаңа эстетикалық әсер сыйлайды. Спектакль өткен ғасырдағы отбасы тарихын ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді қамти келе, мәңгілік өшпес тақырыптарды тереңінен қозғайды. Бұл сапар біздің ұжым үшін үлкен жауапкершілік әрі шабыт көзі, - деді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады
Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

Еске салайық, бұған дейін Алматы қуыршақ театры Канадада өткен халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады
Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғаш рет Франция фестиваліне қатысады
Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

 

 

Соңғы жаңалықтар