Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты басты сот отырысы басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкіміне қатысты басты сот процесі басталды.

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты басты сот отырысы басталды
Фото: Бағдат Қарасаевтың Instagram парақшасынан

Бағдат Қарасаевтың ісі Іле аудандық сотында судья Жанмұрат Батыровтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Бұрынғы аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданы әкімімен қатар бірнеше тұлғаны қамауға алған болатын. 

Кейін прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады. 

Соңғы жаңалықтар