Алматы облысы Іле ауданының әкімі қамауға алынды – Антикор

АСТАНА. KAZINFORM – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданы әкімімен қатар бірнеше тұлғаны қамауға алды. Бұл ақпаратты агенттіктің баспасөз қызметі растады.

Бағдат Қарасаев
Фото: ile_akimat и bagdat.karasaev

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әрекеті әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Антикор өкілі агенттік тілшісіне Іле ауданының әкімі екенін растады.

Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат таратуға жатпайтындығы айтылды.

Осыған дейін соңғы 3,5 жылда жол жөндеу саласында 65 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар