14:11, 03 Тамыз 2024 | GMT +5
Алматы облысында екі жігіт дала әжетханасына құлап көз жұмды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газға тұншығып мерт болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

— Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз, — деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда 3 тамыздан бастап жол ақысы 120 теңге болды.
Сондай-ақ қалалық полиция департаменті бүгін мегаполисте жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлаған болатын.