Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыстан үш адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

Алматы облысында болған жарылыстан үш адам қаза тапты
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты.

— Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген Алматы облысы ПД хабарламасында. 

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.  Барлық тергеу әрекеті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. 

Айта кетелік Алматы облысында құтқарушылар газ баллондарының жарылысының алдын алған еді

Соңғы жаңалықтар