Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 272 жер телімі мемлекетке қайтарылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында жалпы алаңы 74,7 мың гектар болатын 272 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

жер
Фото: Kazinform

Оның ішінде 31,3 мың гектарға тең 63 жер учаскесі бойынша соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылған.

Ерікті негізде және басқа жолдармен 43,4 мың гектар болатын 214 жер учаскесі мемлекет меншігіне берілді. Одан бөлек қазіргі уақытта алаңы 21,9 мың гектар болатын 57 жер учаскесі бойынша талап-арыздар соттың қарауында.

- Алдағы уақытта осы мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін әкімдіктер түрлі шаралар қабылдап, жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері мемлекетке 1,5 млн га ауыл шаруашылығы жері қайтарылғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар