Алматы облысында заңсыз қару мен ірі көлемде есірткі тәркіленді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласында облыстық 43 жастағы тұрғынның үйінен екі килограмнан астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді.

Қылмыс Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ашылды.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізілген болатын.
Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
– Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомствода.
Еске салайық, бұған дейін Соңғы екі жылда 1 мыңнан астам атыс қаруы тәркіленгенін жазғанбыз.