Алматы облысында жасөспірім басқарған көлік ағашқа соқтығысып, 3 оқушы мерт болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні сағат 04:20 шамасында болған.

Биыл 2300 адам жол апатынан қаза тапты: Үкімет қандай шара қабылдап жатыр
Коллаж: Canva

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Төңкеріс — Байсерке — Қараой автожолының 44-шақырымында Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілген, алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, олардың бірі қайтыс болды.

— Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдай анықталғаннан кейін, заңды өкілдерге қатысты да қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданатын болады, — деп хабарлады департаменттен.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін балаларға түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге шақырды.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді.

Соңғы жаңалықтар