Алматы облысында жүк көлігінде от шығып, жолда салют атылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Республикалық маңызы бар «Алматы-Қорғас» автожолының 190-шақырымында жүк көлігі жанып кетті.

өрт
Фото: ТЖМ

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, жалын шарпыған жүк көлігі толықтай пиротехникалық заттармен тиелген. Оқиға орнына жоғары дәреже бойынша Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілген.

— Жалын түнгі 02:00–де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін іс Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына берілді, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

өрт сөндіруші
Фото: ТЖМ

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өртенген үйден бір әйел құтқарылып, 15 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар