Алматы облысындағы Іле орманшылығында шыққан өрт толық сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысындағы Іле орманшылығында 5 қыркүйекте тіркелген орман өрті 7 қыркүйек сағат 17:48–де толық сөндірілді.

Алматы облысындағы Іле орманшылығында шыққан өрт толық сөндірілді
Фото: Kazinform/ЖИ

Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы мекемесі мен Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 59 адам және 17 техника жұмылдырылды. 

Сонымен қатар «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері мен су төгу құрылғысымен жабдықталған бір тікұшақ тартылды.

Дер кезінде қабылданған шешімдер мен құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, толығымен сөндірілді.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да 20 гектарға жайылған орман өрті оқшауланғанын хабарлағанбыз.