Алматы облысының қай жолдарында орташа жылдамдық режимі енгізілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі енгізілді.

Алматы облысында орташа жылдамдық камералары орнатылды
Фото: видеодан алынған скрин

Бұған дейін орташа жылдамдықты бақылау жүйесі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында жұмыс істеп тұрғанын жазғанбыз

Облыстық полиция департаменті жүйе енгізілген жолдар тізімі толыққанын мәлімдеді. Полиция мәліметінше, қазір өңірдегі республикалық маңызы бар барлық автожолдарда көліктердің орташа жылдамдығы өлшенеді. Атап айтқанда, «Алматы-Бішкек», «Алматы-Қонаев», «Алматы-Шелек-Қорғас» және «Алматы-Астана» тас жолдары бар.

Тәртіп сақшылары енді жылдамдықты асырған әрбір жүргізуші автоматты түрде тіркеліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Еске салайық, орташа және белгіленген жылдамдықты есептеу механизмін енгізу нәтижесінде былтыр жол бойындағы қауіпсіздік артып, жол-көлік оқиғаларының саны шамамен 10% төмендеді.

Ал көлік ағымы 45 миллионнан 54 миллионға дейін, яғни 20% өсті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум