Алматы өзендеріндегі жағдайға байланысты ТЖД басшысы мәлімдеме жасады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы төтенше жағдайға байланысты ТЖД бастығы бейнеүндеу жасады.
Алматы қаласы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетовтың айтуынша, Ақсай өзенінде жағдай тұрақты. Қазір ТЖД жедел тобы мен «Қазселденқорғау» мамандары жағдайды бақылауда ұстап отыр.
— «Қазселденқорғау» мамандарымен бірге Ақсай өзенінде, өзен ағысынан шамамен бір шақырым жоғары орналасқан учаскеде ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта өзен арнасы тұрақты бақылауда. Қауіп жоқ. Ақсай бөгетінде және тұрғын үй секторында жедел штабтар жайылған. Абырой болғандаа тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ, — Дамир Ермағамбетов.
Еске салайық, бұған дейін сел қаупіне байланысты Алматы құтқарушылары таулы аймаққа бармауға шақырды.