Алматы прокуратурасы санитарлық қаулыдағы заңбұзушылықты анықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Ағымдағы жылдың ақпан айында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері балаларды жоспарлы емдеуге жатқызу бөлігінде шектеу шараларын енгізген. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлім етті.
— Құжатта медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды есепке алмай, қызылшаға қарсы вакцинация болған жағдайда ғана балаларды жоспарлы емдеуге жатқызуға рұқсат беру көзделген, — деп жазды прокуратураадан.
Балалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқықтық актіге прокуратура наразылық білдірді, қаулы заңнама талаптарына сәйкестендірілді.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін еске салады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілетіні хабарланды.