17:15, 01 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматы тауларында қар көшкіні түсірілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Кіші Алматы» өзенінің бассейніндегі үш шыңнан ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.

Бұл жұмыстар «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
— Барлығы 20 000 текше метр қар түсірілді, осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі айтарлықтай төмендеді. Осы жылдың басынан бері Алматы тауларында қар көшкінінің 17 профилактикалық түсуі жүргізілді, — деп хабарлады ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алғанын жазғанбыз.
Одан кейін Шымбұлақта жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.