Алматы зообағы экзотикалық жануармен толықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы зообағы өздерінің әлеуметтік желі парақшалары арқылы экзотикалық жануарларды көрсетіп, таныстырды.

«Бұл – салпыерін, шөпқоректі жануарлардың тұқымы, тақтұяқтылар отрядына жатады, сырт келбеті жағынан шошқаға ұқсайды. Бірақ оларлың шошқадан айырмашылығы - қысқа тұмсыққа ие, бұл оларға экзотикалық сыртқы келбет береді. Біздің Алматы хайуанаттар бағымызда осы ерекше жануарлармен таныссаңыздар болады», - делінген хабарламада.
Салпыеріндер өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
Осыған дейін Алматы хайуанаттар бағында жазғы маусым ашылғаны туралы жазған едік.
Зообақта барлығы 370-ке жуық жануардың түрі бар. Олар жыртқыш сүтқоректілер, тұяқтылар, приматтар, жыртқыш құстар, экзотикалық құстар, экзотариум және аквариум бөлімдеріне бөлінген.