Фоторепортаж: Алматы хайуанаттар бағында жазғы маусым ашылды

Алматы хайуанаттар бағы
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мамыр айының басында жазғы маусымға көшкен Алматы хайуанаттар бағында тіршілік қайнап жатыр. 1935 жылы негізі қаланып, 1937 жылы ресми ашылуы болған хайуанаттар бағында бүгінде 3,5 мыңға жуық жануар өмір сүреді. 

Зообақта барлығы 370-ке жуық жануарлардың түрі бар. Олар жыртқыш сүтқоректілер, тұяқтылар, приматтар, жыртқыш құстар, экзотикалық құстар, экзотариум және аквариум бөлімдеріне бөлінген. Приматтар бөлімінің меңгерушісі Шолпан Әбдібекова өзінің бөлімінде маймылдардың 7 түрінен 43 бас бар екенін айтады. 

Оларға 7 қызметкер қамқорлық көрсетеді. Бөлім басшысының сөзінше, жануарларға 4 рет тамақ беріледі. 

Маймыл
Фото: Александр Павский / Kazinform

– Бізде жануарларға арнайы жасалған рацион бар. Ол Дүниежүзілік зообақтар қауымдастығымен бірлесіп, өзіміздің ауа-райына қарай бейімделіп жасалған. Маймылдар 4 мезгіл тамақтандырылады. Таңертең нан мен май, қоспа, бал жейді. Оған қоса, нанға өсімдік майын жағамыз. Ол жануарлардың шаштары түсіп қалмауына, денесінің құрғап кетпеуіне әсер етеді. Берілетін тамақ ауысып отырады. Ал, адам тәріздес маймылдар 9:30-10-дарда сүтке пісіріліп, сары май салынған жарма жейді. Оған кішкене қант қосылады. Қалғандарына өздеріне белгіленген рацион бойынша жеміс-жидек, көкөніс беріледі. Оның ішінде грек жаңғағы, жер жаңғағы, алма, банан, апельсин, мандарин, шие, абрикос, персик, қызанақ, қияр бар. Онымен қоса, міндетті түрде сулары болады. Адам тәріздес маймылдар йогурт, табиғи сусындарды және қайнатылған шай ішеді, - деді ол. 

Маймыл
Фото: Александр Павский / Kazinform

Шолпан Әбдібекова Алматының зообағында жұмыс істегеніне 29 жыл болған. Дегенмен, тәжірибелі маман өз қарауындағы жануалардан бүгінге дейін жаңа дүниелерді үйреніп келе жатқанын атап өтті. Бөлім басшысы Алматыға әкелінгеніне 3 жыл болған көзілдірікті лемурлерді тамақтандырып жүріп қырыққабаттың көптеген түрі бар екенін білген.

Лемур
Фото: Александр Павский / Kazinform
Лемур
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ ол шетелге тәжірибе алмасуға барғанда мекемеге пайдасы тиетін деректерді анықтап келетінін айтады.

– Басқа маймыл түрлерін көбейткенімізбен, шығыс колобусында нәтиже болмады. Шетелге тәжірибе алмасуға барғанымда бір хайуанаттар бағында колобустар өте жақсы көбейіп жатқанын көрдім. Шетелге шыққанда ең бірінші – өзің жете алмаған жетістікке басқалардың жеткенін көрсең, соның сырын білуге тырысасың. Сол жерден біздің колобустарға авокадо жетіспегенін білдім. Осы жемісті рационға қосып, былтыр алғашқы төлдерін алдық. Балалары аппақ болып туады екен. Былтырғы баласын 25 мамырда туса, биыл баласын 21 мамырда дүниеге әкелді. Қазір былтырғы баласы биыл туған інісіне көмектесіп жүр, - деді маман.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Приматтар бөлімінің меңгерушісі маймылдар үшін отбасылық тәрбиенің маңызды екенін айтады. Оның айтуынша, адам қолында өсірілген маймылдар топта қалай өмір сүру керектігін және қалай ана болуды білмей қалады. Ал, өз отбасында өсетін болса, ешкімге бағынышты болмай, қажетті қасиеттерді үйрене алады. 

– Маймылдар отбасы болып бір-біріне тәрбие береді. Маймылдың балалары шешесінен қалай ана болу керектігін үйренеді. Ал, қолдан тәрбиелеген кезде олардың кейбіреуі ана бола алуы мүмкін де, кейбіреуі ана бола алмайды. 5 не 6-шы баласына келген кезде ғана қалай ана болуды түсінуі мүмкін. Сондықтан біз көбіне өзінің отбасымен өскенін қалаймыз. Шимпанзелер отбасымен бірге жаңғақ шағуды 4 жасқа дейін үйренбесе, әрі қарай үйрене алмайды. Жаңғақ шаққан кезде өзінің тобындағы әрқайсысының бетіне жалтақ-жалтақ қарап, кім беретін болса, соны жеп отырады. Ал, 4 жасқа дейін үйреніп кетсе, ешкімге бағынышты болмайды. Егер шимпанзелердің отбасында бірінші қыз туып, олардың ата-аналары болмай қалса, әрі қарай ол өзінен кейінгі балаларды өсіріп алып кете алады, - деді Шолпан Әбдібекова.

Хайуанаттар бағында 30 жылға жуық жұмыс істеген маман қоршаудағы маймылдарға тас және өзге де заттарды лақтыруға болмайтынын айтады. Себебі бұл жануарлардан бөлек адамдарға да қауіпті болуы мүмкін. Кейде шимпазелер тас лақтырған адамдарға бетонды ойып алып, өздеріне қайта лақтырады екен. Бірақ зообаққа келушілер адам тәріздес жануаларға жылы қабақ танытатын болса, маймылдар оған билеп, барлық өнерін көрсететін көрінеді.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Маймыл
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ Шолпан Әбдібекова жұмыс барысында шимпанзелермен болған бірнеше қызықты оқиғаны баяндап берді. 

– Ыстық уақытта балмұздақ жегенді жақсы көреді және өздері балмұздақтың түр-түрін біледі. Мен оларға арзандау ақ балмұздақ алып бердім де, өзіме сәл қымбаттауын алдым. Сосын алысырақ барып, қымбат балмұздақты жеген болдым. Сонда маған «өзіңдікін маған бер, менікін сен же» деп көрсетеді. Олар эмоцияны, сенің даусыңдағы жақсы ниетіңді түсінеді. Ал, ұрысқан кезде 1 аптаға дейін қарым-қатынасқа келмей, ренжіп отыруы мүмкін. Олар да мені жақсы көреді. Бір рет алдарында құлап қалғанымда, аяқ-қолымды уқалап, «бір жерің сынып қалған жоқ па» деп көмектескені бар. Ал, қауіпсіздік жағына келсек, мінез-құлықтарына қарап, жақындайтын және жақындамайтын кез екенін түсінеміз. Негізі көзінен-ақ білесің. Әкесін де, анасын да аямайтын кездері болады. Сондықтан олармен жұмыс істеу үшін өте көп еңбек және уақыт керек, - деді бөлім меңгерушісі.

Ханзада, Құлпынай, Глория: Жануарларға қалай ат қойылады?

Шолпан Әбдібекованың айтуынша, Приматтар бөлімінде ішкі дәстүр бойынша жаңа туған маймылдың баласын кім бірінші көрсе, сол есім береді.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

– Жануарлар басқа хайуанаттар бағынан алынса, өздерінің есімдерімен келеді. Оны біз өзгертпейміз. Егер өзімізде туса, біздің дәстүр бойынша кім бірінші көрсе, сол адам ат қояды. Атын қойған кезде 4-5 әріптен көп емес, жеңіл, тез есте сақталатын есімдер қоямыз. Мысалы, Джулия деген маймыл бар, оның баласын өзіне ұқсатып Джим деп қойдық. Әкесінің аты – Мюсик. Атасы әлі тірі, есімі - Табин. Оны Нидерланд елінен алдырғанбыз. Әжесінің аты - Джил, - деді ол.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Лама
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ал, Тұяқты жануалар бөлімінің меңгерушісі Балабек Махатов ірі жануарлар төлдегенде олардың балаларына байқау арқылы ат қойылатынын айтады. Сондай-ақ жираф, зебра сынды жануарларға қамқорлық ететін маман ерекше жануарлардың төлдеріне қазақша есім беру дәстүрі қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Түйе
Фото: Александр Павский / Kazinform
Бегемот
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

– Тәуелсіздігімізді алғаннан бері қазақы аттарды қоямыз. Жирафқа Ханзада деп қойсақ, жақында еліктің баласына Құлпынай деп есім бердік. Ат бергенде олардың мінез-құлықтарына да қараймыз. Мысалы, бір жирафқа Нәзік деп ат қойдық. Керім деген есім де бар. Үлкен малдар туса, байқау жариялаймыз да, көп дауыс жинаған есімдерді қоямыз. Мысалы, бегемоттың баласына Глория деген ат берілді, - деді ол.

Бөкен
Фото: Александр Павский / Kazinform
Бегемот
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сонымен қатар Балабек Махатов кей жануарлардың төлдері өзге зообақтарға жіберіліп, ол жақтан Алматыда жоқ төлдердің алынатынын айтты. Мысалы, өткен жылы Мәскеу, Ташкент және өзге де қалалардың хайуанаттар бағымен айырбас болған.

– Мен мұнда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Өткен жылы 15 жылдан кейін бегемоттың баласы дүниеге келді. 20 жылдың ішінде біз Оңүстік Африкалық кирктерден 17 төл алдық. Соның 10-ы басқа хайуанаттар бағына кетті. Оның ішінде Мәскеуге, Ташкентке, Ферғанаға, Красноярск пен Краснодарға жіберіп, төлдері айырбастап алдық. Менің бөлімімде қазір 38 малдың түрінен барлығы 134 бас бар. Жылына 20-ға дейін төл алып отырамыз. Алған төлдерді басқа хайуанаттар бағымен айырбастаймыз. Мысалы, биыл өзімізге нубиялық ешкіні алдық, - деді Балабек Махатов.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Керік
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Бүркіт
Фото: Александр Павский / Kazinform
Арыстан
Фото: Александр Павский / Kazinform
Тигр
Фото: Александр Павский / Kazinform
Зообақ
Фото: Александр Павский / Kazinform
Кенгуру
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform
Қолтырауын
Фото: Александр Павский / Kazinform
Соңғы жаңалықтар
telegram