Алматы зообағына биыл жарты миллионнан астам адам барған
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы хайуанаттар бағына 561 983 адам барды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, алты ай ішінде мұнда 62 экскурсия, мерекелік іс-шара, экологиялық дәрістер және 150 бала білім алатын Зоомектептің сабақтары өткізілді.
— Хайуанаттар бағының қорында жануарлардың 386 түріне жататын 4 мыңнан астам төл бар. Олардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының Қызыл тізіміне енгізілген сирек түрлер де кездеседі, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, зообаққа жетім балаларға, ерекше қажеттілігі бар балаларға және мамандандырылған мекемелер тәрбиеленушілеріне хайуанаттар бағына тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы хайуанаттар бағында керқұланның (Пржевальский жылқысы) Құрбанкүл атты биесі құлындағанын хабарлағанбыз. Құлынға Желмая деп ат қойылды. Бұл — Құрбанкүлдің екінші төлі.