Алматыда 10 жер телімі мемлекет мұқтажына алынады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы көше ұзарту және жол салу жұмыстары үшін жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады.
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 2/195-672 қаулысына сәйкес, Тілендиев көшесін ұзарту үшін Алатау ауданы, «Дархан» шағын ауданы, Тайқазан көшесі, 8/1 мекенжайында орналасқан 0,0436 га жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
2026 жылдың ақпан айындағы қаулыға сәйкес, Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту үшін Алатау ауданында орналасқан 92 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынатын болған.
Одан бөбек Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 2/195-673 қаулысына сәйкес, жол салу үшін Алатау ауданы, «Мәдениет» шағын ауданында орналасқан 9 жер телімі мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі — 2027 жылдың 31 желтоқсаны.
«Қала жер орталығы» заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етеді. Ал Жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлейді. Жер телімдері сатып алынған соң, Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Алатау ауданының Бауыржан Момышұлы, Мөңке би, Фариза Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жаңа жолдар салынатынын жазғанбыз. Бұл жұмыстарға 67 млрд теңге бөлінген.