Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды. Бұл туралы Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг кезінде айтты.

Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының 2026-2030 жылдарға арналған жаңа даму жоспары Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерге негізделген. Құжат шаһардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі басымдықтар қатарында көлік жүйесін жан-жақты дамыту, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, экологиялық бастамаларды қолдау, цифрлық трансформацияны жеделдету және қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделген.

Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды
Фото: Алматы әкімдігі

— Алдағы бес жыл ішінде Алматының жалпы өңірлік өнім көлемін 70 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр, — деді қала басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1,9 трлн теңге инвестиция тартылып, экономика 6,4%-ға ұлғайғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар