Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейтілді.

Астана тұрғындарын алдаған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: Polisia.kz

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 4 компания лицензиясынан айырылды. Одан бөлек 350 құрылыс компания лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Құрылыс қызметімен айналысатын 437 субъектіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

- Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылды. Ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын. Олардың басым бөлігі әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырған.

Бұған дейін Алматыда «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы заңсыз лицензия алған 400-ден астам компания анықталғанын жазғанбыз.