Алматыда 6 шақырымға жуық жылу желісі жаңартылды

АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматыда екі жыл бұрын қолға алынған жылу желілерін жаңарту жұмысы аяқталды. 

Алматыда 6 шақырымға жуық жылу желісі жаңартылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында «Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары толық бітті. 

Жалпы ұзындығы 5 865 метр болатын жылу желілері жаңартылды. 

Алматыда 6 шақырымға жуық жылу желісі жаңартылды
Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтар болсақ, 2022 жылы – 1 730 метр, 2023 жылы – 2 000 метр, ал 2024 жылы – 2 135 метр желі қайта құрылды. 

«Биыл «Айнабұлақ» ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңі басталғанға дейін аяқталды. Қазір аталған учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады», - деп атап өтті әкімдіктен. 

Алматыда 6 шақырымға жуық жылу желісі жаңартылды
Фото: Алматы әкімдігі

Жылу магистралі 1981 жылы қолданысқа берілген, оның пайдалану мерзімі – 43 жыл, ал нормативтік пайдалану уақыты – 25 жыл. 

Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді. 

Биыл мегаполисте 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. 

Бұған дейін Алматыда 219 км жаңа сумен жабдықтау желісі салынғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар