Алматыда алаяқтар нөмір ауыстыруға пайдаланатын Sim-Box жабдығы тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда құқық қорғау органдары, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ арасындағы меморандум аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қылмыстық техника пайдалану фактісін әшкереледі.

5 тысяч SIM-карт изъяли у кибермошенников в Алматы
Фото: ҚМА

Алматы қаласы ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Бәйтереков көшесіндегі пәтерден Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматына тиесілі «Sim-Box» құрылғысын, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден астам SIM-картасын және өзге де жабдықтарды тәркіледі.

«Sim-Box» қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын жаппай жасау, хабарламалар тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін қолданылады.

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 213-бабы (Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген Бас прокуратураның дерегінде.

Биыл осындай 7 іс сотқа жолданып, оның 4-і бойынша үкім шығарылған.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға, банк картасы деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай жабдықты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Айта кетейік, биыл елімізде 88 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар