Алматыда әлеуметтік осал топтарға коммуналдық тариф бойынша өтемақы төленеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына өтемақы төленеді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлім етті.

Түркістан облысында 934 жұмысшыға өтемақыны төленбеген – прокуратура
Фото: Kazinform

Айтуынша, Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 315 мың азамат тұрады. Осы тұрғындарды қолдау аясында көтерілген тарифтерді өтеу үшін өтемақы төленеді. Әлеуметтік көмек мөлшері 0,75 АЕК (2769 теңге.)

«ХӘОТ қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және қаржылық жүктемені азайту үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшерін 2024 жылғы 1 наурыздан бастап, ережелерге тиісті өзгерістер енгізе отырып, 0,75 АЕК (2769 теңгеге) дейін арттыру көзделген. Биыл жергілікті бюджеттен өтемақы төлеу үшін 4,1 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті салалық басқарманың басшысы.

Бұған дейін Алматыда 1 наурыздан бастап электр энергиясы қымбаттайтыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар