Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды. Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға полигонда оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін болған.

- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан.

Еске салайық, бұған дейін Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алғанын жазғанбыз.

Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылғанын жаздық.

 

 

Соңғы жаңалықтар