Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институтында 44 жастағы сержанттың денесі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.    

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Аталған оқиға бойынша әскери институттың баспасөз қызметі түсінік берді. Институт мәліметіне сәйкес, 1980 жылғы әскери қызметші өз-өзіне қол салған.

— Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, — деп хабарлады Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс қозғалғанын Ішкі істер министрлігі де растады. 

«Осы факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды» дейді ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтауда әскери қызметші абайсызда тиген оқтан көз жұмған еді. 

Сондай-ақ Жетісу облысының Сарыөзек гарнизонында да қызметкер кездейсоқ тиген оқтан жарақат алды

Соңғы жаңалықтар