Сарыөзек гарнизонында әскери қызметшіге абайсызда оқ тиді

АСТАНА. KAZINFORM — Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл ақпаратты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады.

военные военная присяга солдаты әскери ант қабылдау сарбаздар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», — делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты. 

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — дейді құрлық әскерінен.

Соңғы жаңалықтар