Алматыда автокөліктен қару мен пышақ табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ер адам көлігінде қару алып жүрген.

Алматыда автокөліктен қару мен пышақ табылды
Фото: видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдағы экологиялық бекеттердің бірінде 45 жастағы азамат басқарып келе жатқан Mercedes автокөлігі тоқтатылған.

Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан қаруға және арнайы құралдарға ұқсас заттар табылған. Оны тәртіп сақшылары тәркіледі.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен нақты мақсат-міндетін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүргізушіні тапаншамен қорқытқан азамат ұсталды.

Одан бұрын полиция қызметкерлері түнгі уақытта естілген атыс даусы бойынша шақыртуға барып, тағы бір көліктен тапанша анықтаған.