Алматыда әйел көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды

әйел
Фото: видеодан кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Алматыдағы көп қабатты үйдің терезесінен әйелдің құлап кеткені хабарланды.

Желіде тараған бейнежазбада әйелдің тұрғын үйдің терезесіне шығып, оқыс қылықтар жасағанын көруге болады. Аталған жағдайға байланысты Полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиға «Теремки» тұрғын үй кешенінде болғанын растады.

«Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы келіншек жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйел саябақтағы аттракционнан секіріп, суицид жасағанын жазған едік. 

Жас келіншек өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды. 

Саябақтағы аттракционнан құлаған әйелге қатысты прокурорлар іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар