Алматыда әйелдерге арналған қауіпсіз такси тегін қатынайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа адамдар қозғалысы Алматы көшелерінде Қауіпсіз әйелдер таксиі жобасының 7 көлігі жүре бастағанын мәлім етті.

Алматыда әйелдерге арналған тегін такси қатынайды 
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы

Жаңа адамдар қозғалысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын және Қауіпсіз Қазақстан акциясын жүзеге асыру аясында қоғамда қауіпсіздік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаны іске қосты. Бұл жоба мыңдаған әйелдер тап болатын мәселені көтереді.

Алматыда әйелдерге арналған тегін такси қатынайды 
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы

Жоба белсенділерінің айтуынша, арнайы безендірілген көліктерде сапар тегін. Жүргізушілер де, жолаушылар да тек әйелдерден тұрады. Такси 1 қыркүйекке дейін Алматыда және қала маңындағы аудандарда — Қаскелең мен Бесағашта жұмыс істейді.

Жолаушыларға өздері қалаған жағдайда харассментке немесе өзін қауіпсіз сезінбеуіне байланысты жеке оқиғасымен бөлісу ұсынылады.

Алматыда әйелдерге арналған тегін такси қатынайды 
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы

— Жолаушының келісімімен әр көлікте құпиялылық сақтала отырып, аудио және бейнетүсірілім жүргізіледі. Бұл жазбалар жобаға тиесілі YouTube арнасында жарияланады. Көрермендер әйелдердің шынайы оқиғаларын тыңдап, заңгерлер мен психологтардың кеңестерін алып, бастаманы қолдайтын танымал тұлғалардың қатысуын көре алады, — делінген хабарламада.

Алматыда әйелдерге арналған тегін такси қатынайды 
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы

Жобаның басты мақсаты — әрбір әйел өзін қауіпсіз әрі естілетіндей сезінетін кеңістік қалыптастыру. Біз харассментке нөлдік төзімділікті орнықтырып, жеке шекараны құрметтейтін қоғамдық мәдениет қалыптастыруды көздейміз. Бұл — әрбір адам өз әрекеті үшін жауапкершілік алатын Қауіпсіз және Әділетті Қазақстанды құрудағы қадам.

Алматыда әйелдерге арналған тегін такси қатынайды 
Фото: Жаңа адамдар қозғалысы

Барлық қалаушылар бастаманы қолдап, қоғамдық диалогқа қатысу үшін Instagram директіне жаза алады:

— @Tumaaarrr

— @Zhana.adamdar

Қызығушылық танытқан қыздар такси жүргізушісі болу үшін өтінім бере алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйлегенін жазған едік. Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйым құрылғалы бері қозғалыстың атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырған болатын.

Соңғы жаңалықтар