Алматыда бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру қашан тегін болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда осы жылдың соңына дейін бір қоғамдық көліктен екіншісіне тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізілмек.

автобус
Фото: Рixabay

«Бүгінгі күні біз тарифтік мәзір әзірлеп жатырмыз. Кейін көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарына сүйене отырып, біз бүкіл маршруттық желіні оңтайландырғымыз келеді. Биыл «Bus километріне». ауысқымыз келеді. Жалпы, біз тарифтік саясаттың өзін қайта қарастырғымыз келеді», – деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Спикер жобаның маңызды міндеттерінің бірі қоғамдық көліктердің тартымдылығын арттыру екенін атап өтті.

«Маңызды міндеттердің бірі – адамдардың белгілі бір уақыт ішінде басқа бағытқа тегін ауысып отыруы. Қазір бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Біз бәрін жақсы білеміз. Бұған қол жеткізе алмасақ, адамдарды қоғамдық көлікке отырғызу қиынға соғады», - деп қосты ол.

Сағындық Телібаев жаңа жобаны жүзеге асыру мерзіміне де тоқталды.

«Біз жобаны үшінші тоқсанда аламыз деп ойлаймын. Ал 2024 жылдың соңында жүзеге асыруды бастаймыз», - деп жауап берді ол журналистің сұрағына.

Өткен жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа тарифтік бағаны енгізу жоспары туралы айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар