Алматыда бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Соның аясында мегшаполисте бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады. Бұл туралы Ерболат Досаев өткен жұма күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі», – деп атап өтті Алматы әкімі.
Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісін іске қосады. Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитенін қосады.
«Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және «ақылды» бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарлануда»,-деді Шаһар басшысы.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 18 тамыз күні Алматыға іс сапармен келген болатын.
Бұған дейін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар