Алматыда дәрігерлер 8 саусақпен туған балаға бірегей операция жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктерінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды.

полифалангия
Фото: Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы

— РФ-ның Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен өткен шеберлік сағаты барысында 8 қазақстандық балаға күрделі ота жасалды. Ресейдің атақты пластикалық хирургі тағы 20 кішкентай пациентке консультация беріп, отандық әріптестерімізге микрохирургия саласындағы озық әдістемелер жөнінде лекция оқыды. Бұл шараның Қазақстандағы балалар микрохирургиясын дамытуға қосар үлесі зор, — дейді № 2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

полифалангия
Фото: Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы

Аурухананың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала 8 саусақпен туған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан өсіп келе жатқан баланың қолындағы артық саусақтар ойыншықтарды ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтірген.

— Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді, — дейді анасы.

Айта кетейік, күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды.

Осыған дейін Ақтауда шетелдік дәрігерлер 3 балаға күрделі ота жасаған болатын

Соңғы жаңалықтар